Айбол Әбікен «Қайсар» сапынан кетті
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Айбол Әбікен Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында келесі маусым алдында клуб ауыстыратынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайсармен» келісімшартым бітті. Еркін агентпін. Келесі маусымға біреумен келісіп жатырмын ба? Иә, нұсқалар бар. Бірақ клубтардың атауын әзірге айтудың керегі жоқ», - деді футболшы.
29 жастағы жартылай қорғаушы Айбол Әбікен 2025 жылдың қаңтарында «Ордабасыдан» «Қайсарға» ауысқан. ҚПЛ-де 25 матч өткізіп, 1 гол соққан. 2019-2024 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған (16 матч, 1 гол). 2020 жылдың 15 қарашасында Ұлттар лигасында Албанияға қарсы ойында (1:3) екінші тайм басталғаннан кейін алаң ортасынан тұрып гол соқты.
Transfermarkt бұл футболшыны қазіргі уақытта 350 мың еуроға бағалайды.
«Қайрат» - «Олимпиакос» матчына билеттер сатылымға шықты