Қазақстан мен Өзбекстан наурызда бірлескен жиын өткізеді

Қазақстан мен Өзбекстан наурызда бірлескен жиын өткізеді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың үйіне барған кезде, 2026 жылдың наурызында өзбекстандық былғары қолғап шеберлері Қазақстанға бірлескен оқу-жаттығу жиындарына келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының аға бапкері Асқар Еркебаев өз инстаграм-парақшасында ұлттық команданың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың үй иесіне алғыс айтып, Ташкенттегі бірлескен жиындардың қорытындысын түйіндеген видеосын жариялады.

«Біз келген күннен бастап тамаша спаррингтер өтті, тәжірибе алмастық. Бүгін соңғы күн болды - қорытынды спаррингтер өтті. Енді бәріміз сенің қонағыңбыз. Құрметіміз ортақ болсын, әрі бұл дәстүрге айналсын. Болашақта, наурызда, сіздер бізге келесіздер», - деді Сәтжанов.

Айта кетейік, 19 қарашада Ташкентте Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд құрамаларының қатысуымен бірлескен оқу-жаттығу жиындары басталған еді.

Әлем чемпионатына қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды

World Boxing бокстан Әлем кубогы: 2026 жылғы кезеңдердің өтетін орны жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне уәде берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или