Евсеев Исламабадта турнирде сенімді жеңді
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев чех Доминик Паланмен жұптасып, Исламабадта (Пәкістан) өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда Евсеев пен Палан украиналық Никита Белозерцев пен америкалық Престон Браун дуэтімен кездесіп, екі сетте сенімді жеңіске жетті - 6:1, 7:5. Ойын 57 минутқа созылды. Финалда қазақстандық спортшы мен оның серіктесі пәкістандық Музаммил Муртаза - Айсам-уль-Хак Куреши дуэтімен ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Денис Евсеев жекелей сында да жартылай финалға шыққан болатын: финал жолдамасы үшін ATP рейтингінде 404-орында тұрған қазақстандық теннисші түрік спортшысы Мерт Алкаямен (473-орын) кездеседі.
Қазақстандық жас теннисші Тунистегі турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Australian Open іріктеу финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші Пәкістандағы жарыстың 1/2 финалына шықты