Григорий Ломакин үндістандық теннисшіден жеңіліп, жартылай финалдан құр қалды
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин (ATP рейтингінде 975-орын) Бхопалда (Үндістан) өтіп жатқан турнирдің жекелей сынында жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/4 финалда Ломакин үндістандық Нитин-Кумар Синхамен (1333-орын) кездесіп, екі сетте жеңіліп қалды - 6:7, 1:6. Ойын 1 сағат 27 минутқа созылды. Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдегі жолын мерзімінен бұрын аяқтады, ал оның қарсыласы енді финал жолдамасы үшін тағы бір үндістандық ойыншы Эс Де Праджвал Девпен (775-орын) бақ сынайды.
Айта кетейік, Григорий Ломакин Бхопалдағы турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған еді: қазақстандық теннисші жарысқа үшінші нөмірмен тіркелген.
Қазақстандық жас теннисші Тунистегі турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Australian Open іріктеу финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші Пәкістандағы жарыстың 1/2 финалына шықты