Қазақстанның U-19 қыздар құрамасы Еуро іріктеуінде жеңіліп қалды

Қазақстанның U-19 қыздар құрамасы Еуро іріктеуінде жеңіліп қалды

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Еуропа чемпионаты-2025/2026 іріктеу кезеңіндегі екінші кездесуін Латвия командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынның басында-ақ Қазақстан құрамасы қиындықтарға тап болды: 15-минутта Паула Дзене қорғаныстағы қателікті пайдаланып, есеп ашты. Ал 74-минутта Анна Белова екінші голын соғып, ойын тағдырын шешті. - 0:2.

Ал қосымша уақытта қазақстандық қорғаушы Ума Үмітпе тікелей қызыл қағаз алды.

Екі турдан кейін Қазақстан B6 тобында соңғы орында тұр: Латвия, Израиль және Мальта командаларынан төмен. Соңғы матч 1 желтоқсанда турнир қожайыны Мальта құрамасына қарсы өтеді.

«Қайрат» - «Олимпиакос» матчына билеттер сатылымға шықты

Болгариялық бапкер ҚПЛ клубына келуі мүмкін

Дастан Сәтпаев тарихи голын кімге арнағаны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или