Киберспорт. Jame-нің StarLadder Budapest Major 2025 турнирінің алғашқы кезеңіндегі рейтингі белгілі болды

Киберспорт. Jame-нің StarLadder Budapest Major 2025 турнирінің алғашқы кезеңіндегі рейтингі белгілі болды

PARIVISION капитаны Джами Jame Али StarLadder Budapest Major 2025 турнирінің алғашқы кезеңін 1,15 рейтингпен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

HLTV.org деректеріне сәйкес, бұл нәтиже оған кезеңдегі үздік жеке статистика көрсеткен ойыншылар тізімінде 19-орын алуға мүмкіндік берді.

Рейтинг көшбасшысы Деклан Vexite Портелли болды – ол төрт карта қорытындысы бойынша 1,64 көрсеткішіне қол жеткізді. Екінші орында Каспер xKacpersky Габара (1,46), ал үшінші орында Андрей npl Кухарский (1,35) орналасқан. Топ-5 қатарына Артем kensizor Капран (1,34) және Лулиан regali Харйяу (1,33) да кірді.

Мейджордың бірінші кезеңі 24-27 қараша аралығында өтті. Онда екінші кезеңге берілетін сегіз жолдаманы сарапқа салған 16 команда бақ сынады. Келесі кезеңге FlyQuest, M80, Fnatic, B8 Esports, Ninjas in Pyjamas, PARIVISION, Imperial Esports және FaZe Clan өтті.

Free Fire Finals 2025 Гиннестің рекордтар кітабына енді

Molodoy өз прогресінің құпиясымен бөлісті

Данил Molodoy Голубенко HLTV тізімінде бірінші орынға шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или