Америкалық файтер Майкл Чендлер ең талантты деп санайтын файтерді атады
Америкалық файтер Майкл Чендлер бүгін ММА-дегі ең жарқын талант туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чендлердің айтуынша, мұнда ешқандай бәсекелестік жоқ – ол Илия Топурия. «Менің ойымша, Топурия – ММА-дегі ең дарынды спортшы. Әрі бұл тек біздің салмақ туралы емес, жалпы бүкіл спорт жайлы», – деп келтіреді оның сөзін MMA Fighting.
28 жастағы Топурия Грузиянын намысын қорғайды және UFC-де 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2024 жылдың ақпанында ол UFC 298 турнирінде Алекс Волкановскиді нокаутқа түсіріп, жартылай жеңіл салмақта чемпион атанды. Кейін титулын сәтті қорғап шықты. 2024 жылдың жазында, UFC 317 аясында Топурия тағы бір даңқты жеңіске жетті – Чарльс Оливейраны нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді иеленді.
Хабиб Нурмагомедов Дубайда дүкен ашты
Қазақстандық файтер Мәскеудегі АСА турниріне қатысады
Қазақстандық файтердің UFC-дегі экс-қарсыласының келесі қарсыласы анықталды