Әбиба Әбужақынова – Grand Slam турнирінің қола жүлдегері
Дзюдодан Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam сериясының турнирінде алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
48 келі салмақтағы Әбиба Әбужақынова қола жүлде үшін өткен белдесуде Испания спортшысы Ева Перес Солерден басым түсті.
Ол бұған дейін де 2022 және 2024 жылдары дәл осы турнирде қола жүлдеге ие болған еді.
Айта кетейік, 30 қарашаға дейін жалғасатын бәсекеде 53 мемлекеттің спортшылары жүлдеге таласып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или