Бокстан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
3-13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен ерлер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған әлемдік додаға Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен құрам жасақталды.
- 48 келі. Теміртас Жүсіпов
- 51 келі. Даниял Сәбит
- 54 келі. Сәкен Бибосынов
- 57 келі. Оразбек Асылқұлов
- 60 келі. Серік Теміржанов
- 63.5 келі. Ертуған Зейнулинов
- 67 келі. Санатәлі Төлтаев
- 71 келі. Абылайхан Жүсіпов
- 75 келі. Сабыржан Аққалықов
- 81 келі. Ерасыл Жақпеков
- 86 келі. Дәулет Төлемісов
- 92 келі. Нурмагамед Юсупов
- +92 келі. Нұрлан Сапарбай
Қазақстан ерлер командасы Ташкент қаласындағы бірлескен оқу-жиынын қорытындылап, санаулы күнде Дубай шаһарына аттанады.
World Boxing бокстан Әлем кубогы: 2026 жылғы кезеңдердің өтетін орны жарияланды
Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или