Үстел теннисінен жастар арасындағы ӘЧ: Алан Құрманғалиев 1/8 финалға жолдама алды
Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Клуж-Напока (Румыния) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетуін жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз ерлер арасындағы жекелей сайысты сәтті бастады.
1/16 финалда Құрманғалиев Пуэрто-Рико спортшысы Энрике Риоспен кездесті. Алан айқын басымдық танытып, 4:0 есебімен (11:6, 11:5, 11:3, 11:7) жеңіске жетті.
1/8 финалда қазақстандық спортшы Францияның аралас жұптық сындағы чемпионы, әлемдік рейтингте 33-орында тұрған 17 жастағы Флавьен Котонмен кездеседі.
Қазақстандық жас теннисші Тунистегі турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық танымал спорт журналисі Диля Ибрагимова өмірден озды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или