Жәнібек Әлімханұлы алдағы айқас қарсаңында мәлімдеме жасады
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда өтетін, WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисландии Лараға қарсы айқасы қарсаңында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Боксшы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында алдағы қарсыласының деңгейін атап өтіп, жанкүйерлеріне нақты уәде берді.
«Лара менің деңгейімдегі боксшымен әлі жұдырықтасқан жоқ. Ол «Жәнібек менің деңгейімде ешкіммен жекпе-жекке шықпады» депті. Бірақ мен де айта аламын, ол да менің деңгейімдегі боксшымен кездескен жоқ. Мен жыл нокаутын жасаймын», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Боксшы жазбасына теңіз жағасында түсірілген суретін қоса жариялаған.
Шаршы алаңдағы жекпе-жек орта салмақтағы төрт негізгі чемпиондық белбеудің үшеуі үшін өтеді. Бәсеке АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында ұйымдастырылады. 42 жастағы Эрисланди Лара тәжірибесі мен тактикалық шеберлігімен танымал және Жәнібектің карьерасындағы ең күрделі қарсыластардың бірі саналады.
World Boxing бокстан Әлем кубогы: 2026 жылғы кезеңдердің өтетін орны жарияланды
Илон Маск LoL жұлдыздары мен Grok 5 арасындағы жолдастық матч өткізуге ниетті
Александр Усик WBO белдігін босатып, Уордли толыққанды чемпион атанды