Умар Нурмагомедов UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Умар Нурмагомедов UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Ресейлік файтер Умар Нурмагомедов UFC-дің экс- чемпионы Дейвесон Фигейредомен келесі жекпе-жегін өткізеді деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 24 қаңтарда Лас-Вегаста өтетін UFC 324 турниріне жоспарланған.

UFC 321 турнирінде өткен соңғы жекпе-жегінде Умар америкалық Марио Баутистамен кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, Нурмагомедов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Фигейредо соңғы жекпе-жегінде 2025 жылдың қазан айында UFC Fight Night 261 турнирінде Монтель Джексонды жеңді.

Қоса кетейік, қазақстандық файтер Бекзат Алмахан 2024 жылдың наурыз айында UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Умар Нурмагомедовпен кездесіп, ұтылып қалған еді.


Қазақстандық файтер Мәскеудегі АСА турниріне қатысады

UFC 325 турнирінде реванш жекпе-жек өтеді

Қазақстандық файтер UFC-дегі жекпе-жегі барысында жарақат алған

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или