Еуропа лигасында «Лион» қарсыласы қақпасына жауапсыз алты гол соқты

Еуропа лигасында «Лион» қарсыласы қақпасына жауапсыз алты гол соқты

Израильдің «Маккаби Тель-Авив» командасы Еуропа лигасының бесінші тур матчында француздық «Лионға» қарсы ойында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Сербияның Бачка Топола қаласында өтіп, 0-6 есебімен аяқталды. «Лион» сапында Корентин Толиссо хет-трик жасады (25, 51 және 54-минуттар), ал Абнер Винисиус (4), Мусса Ниахате (35, пенальти) және Адам Карабек (63) бір голдан соқты.

Бұл жеңістен кейін «Лион» бес ойында он екі ұпай жинады. «Маккаби Тель-Авивтің» еншісінде бес ойыннан кейін әлі бір ғана ұпай. Келесі турда «Лион» голландиялық «Гоу Ахед Иглзбен» ойнайды, ал «Маккаби» неміс «Штутгартымен» кездеседі.


Чемпиондар лигасында аптаның үздік ойыншысы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или