Қазақстандық файтер UFC-дегі жекпе-жегі барысында жарақат алған

Қазақстандық файтер UFC-дегі жекпе-жегі барысында жарақат алған

Аса жеңіл салмақтағы UFC файтері қазақстандық спортшы Асу Алмабаев Дохада өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Алекс Переске қарсы жекпе-жек кезінде оң қолын жарақаттап алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарақатқа қарамастан, қазақстандық спортшы жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, үшінші раундта тұншықтыру тәсілін жасады.

Жекпе-жектен кейін Алмабаев қолында қатты ауырсыну барын және оны толық қимылдата алмай тұрғанын айтты:

«Білмеймін, сынған ба, жоқ па. Рентген түсіру керек. Ісіп кетті, жұма алмай жатырмын».

Спортшының сөзінше, жарақат, шамасы, екінші раундта болған:

«Әрине, екінші раундта шығар. Үшінші раундтың басында мен ауырту тәсілін жасадым. Дәл есімде жоқ, басына көп соққы жасадым. Басы жақсы екен», — деп әзілдеді Асу.

Ауырсынну жекпе-жек аяқталғаннан кейін байқала бастаған.

«Жекпе-жектен кейін қимылдата алмай қалғанымды сездім».

Еске салсақ, 22 қарашада Алмабаев Пересті айқын жеңіп, рейтингтегі жағдайын нығайтып, UFC-дегі сәтті сериясын жалғастырды.

Шавкат Рахмонов: «Усман титулдық жекпе-жекке лайық емес»

Махарбек Балаев OCTAGON іріктеуінде тартысты жекпе-жек өткізді

OCTAGON 82: Алматыда өтетін жекпе-жек кешінің қатысушылары белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или