«Атырау» клубы «Жетісуды» тоқтата алмады

«Атырау» клубы «Жетісуды» тоқтата алмады

Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХХХIV Қазақстан чемпионатының екінші туры өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Бейсенбі күні орталық матч талдықорғандық «Жетісу» мен «Атырау» командалары арасында болды. 

Осыған дейін Марат Адрышев баптайтын талдықорғандықтар жеңіс сериясын онға жеткізіп, ұпаймен жеке-дара көш бастап келе жатқан еді. 

Ал Игорь Никольченко жаттықтыратын атыраулықтар алты кездесу бойы жеңілмей, төртінші орынға табан тіреген еді. Бірінші партияда алаң иелері 25:23 есебімен басым түсті. Екінші, үшінші сетте талдықорғандықтар сәтті ойнады – 25:23, 26:24. 

Төртінші партияда атыраулықтар бастапқыда 6:0 есебімен алға шығып еді. Алайда сол басымдылықты сақтай алмады – 20:25. Қорытынды есеп – 3:1, «Жетісудың» пайдасында. 

Осылайша, «Атырау» тоқтата алмаған «Жетісу» клубы турнир кестесінде 33 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді. 29 ұпай жинаған «Ақтөбе» 26 қарашада «Таразды» 3:0 (25:12, 25:23, 25:21) есебімен ұтса, содан кейін «Ұшқын-Көкшетауды» қапы қалдырды – 3:1 (25:21, 25:27, 25:18, 29:27). 

Үздік үштікті түйіндеп тұрған биылғы ел чемпионы Оралдың «Жайығы» (25 ұпай) Ақмола облысының «Ұшқын-Көкшетауын» 3:0 (25:15, 25:20, 25:15) есебімен оңай жеңсе, сосын «Тараздан» да айласын асырды – 3:0 (25:14, 25:11, 25:20). 

Енді 29 қараша күні «Жетісу» - «Жайық», 30-ында «Ақтөбе» - «Жетісу» командалары арасындағы бәсеке қызу өтетін түрі бар. 

Әлем чемпионаты: «Жетісу» волейбол клубының қарсыластары анықталды

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатында бақ сынайды

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Ислам ойындарында күміс медальға ие болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или