Денис Евсеев бір күнде екі кездесуін жеңіспен түйіндеді
Қазақстандық теннисші, әлемнің 404-ракеткасы Денис Евсеев жекелей сында Исламабад (Пәкстан) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда пәкстандық Музаммил Муртазаны ойсырата ұтты — 6:1, 6:0.
Небәрі 44 минутқа созылған бәсекеде Евсеев 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.
Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 584-орында тұрған швейцариялық Йохан Никлеспен таласады.
Сонымен қатар жұптық сында доданың 4-ракеткасы болып тіркелген Денис Евсеев чехиялық Доминик Паланмен бірге бүгін тағы бір кездесуін сәтті өткізді.
Қазақстандық-чехиялық жұп ширек финалда болгариялық Динко Динев — аустриялық Маттиас Уйвариді 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, жартылай финалға шыққан Денис Евсеев — Доминик Паланның келесі қарсыластары кейін анықталады.
Елена Веснина: Рыбакинаның маусым соңындағы серпіні – заңдылық
Бейбіт Жұқаев Australian Open іріктеуінің жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші Пәкістандағы турнирдің ширек финалына өтті