Астаналық клуб Жұматтың трансфері үшін бәсекеге кірді
Астананың «Жеңіс» клубы «Оқжетпес» жартылай қорғаушысы әрі Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Жұматты қатарына қосуға ниетті командалар қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Meta-ratings.kz мәліметінше, елордалық клуб 22 жастағы футболшыға қызығушылық танытқан үшінші команда болып отыр. Бұған дейін Шымкенттің «Ордабасы» мен Қызылорданың «Қайсары» ойыншыны өз сапына қосу үшін таласып жүрген еді.
Биылғы маусымда Жұмат барлық турнирде 27 матч өткізіп, 13 гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Осы көрсеткіші арқылы ол Премьер-лиганың ең жарқын жас футболшыларының бірі атанды.
Дастан Сатпаев - ЧЛ тарихындағы ең жас сұрмергендердің бірі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или