Рахмонов Усманның Махачевпен айқасуына қарсы пікір айтты
UFC-дің жартылай орта салмындағы үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов Камару Усманның чемпион Ислам Махачевке қарсы титулдық мүмкіндікке лайық емес екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шавкаттың сөзінше, бұрынғы чемпионның қазіргі жағдайы титулдық айқасқа мүлде сәйкес келмейді. «Оның қатарынан үш жеңілісі бар, қазір рейтингте оныншы, жақында ғана бір жекпе-жекте жеңді. Осындай көрсеткішпен бәрінен озып, қалайша белдікке таласады?» — деді Рахмонов.
Бұған дейін Усманның менеджері Али Абдель-Азиз Махачевпен жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытқанын айтқан еді. Алайда Рахмонның пікірі бұл жоспарлардың орындалуына күмән тудырып отыр.
OCTAGON 82: Алматыда өтетін жекпе-жек кешінің қатысушылары белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или