Берік Тұямашев «Сарыарқа» басшылығына келді

Берік Тұямашев «Сарыарқа» басшылығына келді

«Сарыарқа» хоккей клубы басшылық құрамдағы өзгерісті ресми түрде жариялады: директор қызметіне Берік Тұямашев тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz Шайба.kz-ке сілтеме жасап.

Берік Тұямашев — регбиден Қазақстанның спорт шебері. Ол Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, ал Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 2013 жылы Ресей Халықаралық Олимпиадалық университетінде спорт менеджменті саласында тағылымдамадан өтті. 2025 жылдың сәуірінде Қарағандыдағы «Жастар» футбол орталығына жетекші болып тағайындалған еді.

Клубтың баспасөз қызметі жаңа басшының жоспарлары айқын екенін атап өтті: «Соңғы жылдары Берік Болатұлы аймақта бұқаралық спорттың дамуына белсенді үлес қосып келеді. Жаңа жетекшінің осы маусымдағы мақсаты — клубқа көптен күткен чемпиондық атақты әкелуге көмектесу», — делінген ресми мәлімдемеде.

Өскемен хоккейінің екі түлегі Бірінші арна кубогында Ресей құрамасының бапкерлік штабына кірді

«Барыс» түлегі канадалық клубқа жеңіске жетуге көмектесті. ВИДЕО

«Барыстың» бұрынғы шабуылшысы ҚХЛ клубына ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или