Жұқаев мықты қарсыласты жеңіп, жартылай финалға жол ашты
Бейбіт Жұқаев Australian Open турниріне іріктеу жарысында тағы бір сенімді ойын көрсетті**, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz басылымына сілтеме жасап.
Ширек финалда қазақстандық теннисші рейтингте жоғары тұрған жапон Юсуке Ватанукимен кездесті. Алғашқы сет тай-брейкте қарсыласқа бұйырды — 7:6 (7:4).
Алайда Жұқаев ойынның бағытын өзгертіп, екінші партияда брейк жасап, есепті теңестірді — 6:4. Шешуші сетте де дәл осы сценарий қайталанып, Бейбіт матчты өз пайдасына аяқтады.
Бұл жеңіс Жұқаевты Australian Open іріктеуінің жартылай финалына шығарды.
Оған дейін ол 1/8 финалда тайлық Касидити Самрежді 6:4, 7:6 есебімен жеңген болатын.
Қазақстандық теннисші Пәкістандағы турнирдің ширек финалына өтті
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті