«ПСЖ» командасының бас бапкері «Алтын допқа» үміткер ойыншыны атады

«ПСЖ» командасының бас бапкері «Алтын допқа» үміткер ойыншыны атады

«ПСЖ» клубының бас бапкері Луис Энрике журналистің 2025/2026 жылғы маусымдағы «Алтын допқа» үміткер туралы сұрағына өз командасынан бір ойыншыны ерекше атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Championat.com-ға сілтеме жасап.

«Витинья әдеттегідей керемет. Ол келесі «Алтын допқа» үміткер ме? Солай деп үміттенемін», — деп келтіреді журналист және инсайдер Фабрицио Романо Энрикенің сөзін.

Айта кетейік, Витинья Чемпиондар лигасының 5-турында «Тоттенхэмге» қарсы ойында хет-трик жасаған болатын. Матч 5-3 есебімен аяқталды. Осы маусымда Витинья клуб сапында барлық турнирлерде 25 матч өткізіп, 6 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысы атағына үміткерлер белгілі болды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или