Дастан Сәтпаев – ЧЛ-да гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы

Дастан Сәтпаев – ЧЛ-да гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы қазақ футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Қазақстан клубтарынан аталмыш турнирде тек «Астана» өнер көрсеткен еді. Бірақ ол кезде тек легионерлер (Твумаси, Аничич) гол соқты.

Ал биыл «Қайрат» ЧЛ-ның негізгі кезеңіне шықты. Алматылықтардың турнирдегі алғашқы голдарын Эдмилсон мен Офри Арад соқты. Дастан Сәтпаев аталған турнирдің бесінші турында сырт алаңда Данияның «Копенгаген» командасымен өткен матчтың (3:2) 81-минутында қақпашының қателігін шебер пайдаланып гол соқты. Осылайша ол аталмыш додада гол соққан алғашқы қазақ футболшысы атанды.

Ал жалпы турнирде гол соққан ең жас ойыншылар тізімінде топ-3 қатарына енді:

  1.  Ансу Фати – 17 жас 40 күн
  2.  Ламин Ямаль – 17 жас 68 күн
  3.  Дастан Сатпаев – 17 жас 105 күн
  4.  Виктор Дадасон – 17 жас 113 күн
  5.  Джордж Иленикена – 17 жас 119 күн.


Бір өкініштісі, Дастан Сәтпаев бүгін үшінші сары қағазын алғандықтан, «Олимпиакоспен» болатын матчқа қатыспайды (9 желтоқсан).

Дастан Сәтпаевтың голы жеңіс үшін жеткіліксіз болды

«Копенгаген» – «Қайрат» матчының негізгі құрамдары белгілі болды

«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или