«Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» жол берді
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында алматылық «Қайрат» даниялық «Копенгаген»клубымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы минуттан даниялық команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Көбірек шабуыл жасап, гол соғатын көптеген мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Чемпиондар лигасы, 5-тур
«Копенгаген» – «Қайрат» – 3:2
Голдар: 26’ Дадасон, Ларссон (п), 73’ Роберт – 81’ Сәтпаев, 90’ Байбек.
Бұған дейін, алматылық «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2 есебімен жол берді. Ал Алматыда өткен матчта Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Айта кетейік, енді алматылық клуб 9 желтоқсан күні Астанада Грекияның «Олимпиакос», 2026 жылдың 20 қаңтарында Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды.
«Копенгаген» – «Қайрат» матчының негізгі құрамдары белгілі болды
«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын алды
Чемпиондар лигасының 5-тур матчтары басталды: алғашқы күннің нәтижесі