Токиода Сурдлимпиаданың ресми жабылу салтанаты өтті
XXV-ші жазғы Сурдлимпиаданың ресми жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп, 81 елдің ішінде медальдік есепте 9-шы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, XXV жазғы Сурдлимпия ойындары Жапония астанасы – Токиода өтті. Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында ұйымдастырылатын бұл беделді халықаралық дода төрт жылда бір рет өткізіледі. Байрақты бәсекеде 81 елден келген 3 000-ға жуық спортшы 21 спорт түрі бойынша 209 дисциплинада өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасынан 78 спортшы 8 спорт түрінен сынға түсті.
2026 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы үстел теннисінен қола медаль жеңіп алды