Каратэден әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Каратэден әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Каратэден (WKF) Қазақстан құрамасы Мысыр астанасы Каирде өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем біріншілігі 27-30 қараша күндері «Indoor Hall №1» халықаралық стадиаонында өтеді деп жоспарланған.

Ел құрамасының спортшылар тізімі келесідей:

Ерлер:

  • Қайсар Алпысбай (60 кг)
  • Дидар Әмірәлі (67 кг)
  • Нұрқанат Әжіқанов (75 кг)
  • Диас Ұлбек (+84 кг)


Әйелдер:

  • Гүлмира Үсенова (55 кг)
  • Әсел Қанай (61 кг)
  • Дайяна Даренская (68 кг)
  • Софья Берульцева (+68 кг)


Бас бапкер - Дархан Асаділов.

Каир қаласында барлығы 12 медаль (кумите 10, ката 2) жиынтығы сарапқа салынады.

Айта кетейік, бұдан алдын каратэшілеріміз 2023 жылғы Будапештте (Мажарстан) өткен әлем чемпионатында кумитэ бағдарламасында үш жүлде, яғни Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) алтын, Дидар Әмірәлі (67 кг) күміс, Қайсар Алпысбай (60 кг) қола медаль жеңіп алған болатын.

Самирхон Абабакиров Таиландтағы турнирде жүлдеге іліге алмады

Жігер Алматай джиу-джитсудан Исламиада ойындарында алтын медаль иеленді

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Исламиада ойындарында қола медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или