Астанада алғаш рет садақ атудан ел чемпионаты өтеді
2025 жылдың 1–5 желтоқсан аралығында ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының қысқы садақ ату чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге еліміздің 12 өңірінен 300-ден астам кәсіби спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары мен жүлдегерлері бар.
Чемпионат аясында жекелей және командалық жарыстар бойынша 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, айтулы дода Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтпек. Бұндай деңгейдегі жарыс елорда тарихында алғаш рет ұйымдастырылуда.
Белгілі көкпаршы ұлттық құрама қақпашысына тұлпар сыйлады
Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или