Қазақстандық файтер октагонға қашан оралатынын айтты
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-тегі келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қалпына келу мен дайындық кесте бойынша жүріп жатыр.
«Ақпанның аяғы немесе наурыздың басы – сол уақытта дайын боламын деп ойлаймын», – деді Рахмонов Namys Fighting арнасына берген сұхбатында.
Осылайша жартылай орта салмақтағы қазақстандық спортшы келесі жекпе-жегін 2026 жылдың алғашқы тоқсанында өткізуді көздеп отыр.
Еске салайық, Шавкат кейінгі рет октагонға 2024 жылы желтоқсанда шығып, Иэн Мачадо Гэрриді жеңген.
Шавкат Рахмонов UFC чемпиондығы жайлы мәлімдеме жасады
Бразилиялық танымал файтер Ислам Махачевке қарсылас болуға лайық екенін айтты
Қазақстандық файтер келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды