ГЛАВНАЯ
Қазақстан футболы
«Жетісуға» үміткер болған бас бапкер облыс әкімімен кездесуден соң клуб тізгінін ұстамады
Вахид Масудов талдықорғандық «Жетісудың» бас бапкері болмайды
66 жастағы қазақстандық маман Вахид Масудов талдықорғандық «Жетісудың» бас бапкері болмайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Түрлі дереккөздің мәліметінше, маман Жетісу өңірінің клубын басқаруы керек болған. Алайда облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесуден кейін Вахид Масудовтың кандидатурасы мақұлданбағаны айтылады.
Еске сала кетейік, өткен маусымда бапкер «Алтаймен» бірге Бірінші лигада үшінші орын алып, ҚПЛ-ға жолдама алған еді.
Ал талдықорғандық клубтан таяуда бас бапкер Самат Смақов кеткен болатын.
«Қайраттың» «Копенгагенге» қарсы матчына болжам жасалды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или