«Қайрат» алғашқы жеңісіне жете алады - ресейлік басылым

«Қайрат» алғашқы жеңісіне жете алады - ресейлік басылым

Ресейлік «Чемпионат» сайты алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасы бесінші турындағы «Копенгагенге» қарсы матчына болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» үшін алғашқы жеңіске мүмкіндік!

«Қайрат» төрт турдан кейін небары бір-ақ ұпай жинады. Бірақ алда қазақстандықтарды «Копенгагенмен» кездесу күтіп тұр. Иә, матч Дания астанасында өтеді, алайда Алматы клубының ұпай алуға жақсы мүмкіндігі бар. Тікелей бәсекелестен болмаса, тағы кімнен алмақ? Оның үстіне биылғы маусымда «Копенгаген» әзербайжандық «Қарабахқа» (0:2) есе жіберген. Бұл Чемпиондар лигасында даниялықтар да, қазақстандықтар да бір-бір ұпайдан жинап тұр», - деп жазылған материалда.

«Копенгаген» - «Қайрат» матчы 26 қараша күні өтеді, басталуы — 22:45.

Бауыржан Сағындық: Топтан бірінші орынмен шыққанымыз – кез келген қарсыласпен ойнауға болатынын көрсетті

Орал қаласында Петр Атоян атындағы стадион футбол алаңы ALAÑ бағдарламасы аясында жаңартылды

Кәсіпкер «Шахтердың» дамуына 20 млрд теңге салады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или