Абат Айымбетов «Крылья Советовке» ауыспайды
Магомед Адиев «Крылья Советов» сапына қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов ауыспайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Александр Троицкийдің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Мен Абат Айымбетовті көптен бері жақсы білемін, қарым-қатынасымыз жақын, жақсы, бірақ қазіргі кезеңде ол біздің тізімімізде жоқ. Қазір ол жарақат алған. Жағдай қалай өрбитінін білмеймін, бірақ әзірге Абатпен ешқандай келіссөз болмады», - деді Магомед Мұсаұлы.
Өткен маусымда Айымбетов Түркияның «Адана Демирспор» клубының намысын қорғап, 28 матч өткізіп, бес гол соқты. Маусым аяқталған соң команда Суперлигадан ұшып кетті, ал жазда қазақстандық шабуылшы келісімшартын ресми түрде тоқтатып, қазір еркін агент мәртебесінде жүр.
2021 жылы ақпанда Айымбетов «Крылья Советов» сапына ауысқан еді, бірақ команда сапында матч өткізбей, бір жылдан соң клубтан кеткен болатын.
Қазақстан U19 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде ұтылды