Карлос Пратес Ислам Махачевке қарсылас болуға лайық екенін айтты
UFC рейтингінің алтыншы нөмірі, жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) бразилиялық Карлос Пратес өзін қазіргі чемпион, ресейлік Ислам Махачевтің жекпе-жек өткізуі керегін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«UFC - бұл бизнес, бұл - ойын-сауық. Адамдардан сұрасаңыз, көпшілігі Карлос Пратес пен Махачевтің жекпе-жегін көргісі келеді деп ойлаймын.
Бұл жерде менің кінәм жоқ. Мен тек октагонға шығып, адамдарды нокаутқа жіберемін. Делла Маддалена белбеу үшін айқасқанда, ол Бернске қарсы жеңістен кейін төртінші не бесінші орында тұрған», - деді Пратес The Ariel Helwani Show подкастында.
ACA вице-президенті Махачев – Гарри жекпе-жегіне қатысты ойын айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или