Роман Хегай жастар арасындағы әлем чемпионатында жетінші орын алды
Филиппиннің Манила қаласында спорттық гимнастикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ат снарядындағы жаттығуда қазақстандық Роман Хегай финалға дейін жетті.
Іріктеу кезеңін ол бесінші нәтижемен аяқтады. Отандасымыз шешуші сындағы өнері үшін 11.733 ұпай жинап, жетінші орынға ие болды.
Қытайлық Ао Чжен жарыс жеңімпазы атанды - 13.533. Екінші орынға франциялық Лерой Траоре-Малатре (13.200) ие болса, жапониялық Нао Ожима үшінші орын алды - 12.700.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или