Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатында бақ сынайды
26 қарашада гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады.
Әлем біріншілігі Германия мен Нидерландта өтеді.
Қазақстанның әйелдер құрамасы алдын ала кезең ойындарын Германияның Трир қаласында өткізеді.
Біздің құрама H тобына түсті. Бұл топтағы қарсыластары: Ангола, Норвегия және Оңтүстік Корея болмақ.
27 қарашада қазақстандықтар Ангола құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Франция жеңімпаз атанған еді. Норвегия екінші орын алып, Дания қола жүлдеге ие болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или