«Махачев үшін Гарриден гөрі Топурия мен Усман қызығырақ» — Асланбек Бадаев

«Махачев үшін Гарриден гөрі Топурия мен Усман қызығырақ» — Асланбек Бадаев


ACA лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев Ислам Махачев пен Иан Мачадо Гарридің ықтимал жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бадаевтің сөзінше, Гарри үшін Махачев тым қиын қарсылас болуы мүмкін: «Ислам оны қиналмай күрестен алады. Бұны бәрі біледі. Егер Шавкат Рахмонов Гарриді қапы қалдырса, неге оны Махачев қайталамайды? Шавкат жаман балуан емес, бірақ Ислам деңгейі жағынан жоғары. Жартылай орта салмақта ол тіпті ашылып ойнап жүр. Делла Маддаленаны бір сәтке де босатпады».

Сонымен бірге ол Махачев – Гарри айқасының қазір аса тартымды жұп емес екенін айтты: «Бүгінгі таңда бұл жекпе-жек үлкен қызығушылық тудырмайды. Мен Исламның Топуриямен немесе Камару Усманмен кездесуін көбірек қалар едім. Усманның шарықтау кезеңі артта қалса да, ол әлі де үлкен есім. Ал Топурия — екі салмақтың чемпионы. Таңдау қайсы? Әрине, Топурия қазір ең жоғары деңгейде».

Шавкат Рахмонов: «Махачев үшін ең қолайсыз қарсылас – мен»

Джон Джонс Гейбл Стивесонның ММА-дағы болашағына зор бағасын берді

«Өзбек Тайсоны» қазақстандық танымал әншімен кездеседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или