Маск: «Кім мықты — үздік геймерлер ме, әлде Grok 5 пе?»
xAI компаниясының басшысы Илон Маск League of Legends үздік ойыншылары мен Grok 5 жасанды интеллекті арасында көрсетілім матчын ұйымдастырғысы келетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маск бұл ұсынысты X желісінде жазып, «адамдар ма, әлде жасанды интеллект пе — қайсысы мықты?» деген сұраққа жауап тапқысы келетінін айтты.
Әділдік үшін ол ИИ-ге бірқатар шектеу қоюға ниетті. Grok ойынға тікелей қосылмайды — ол мониторды камера арқылы «көріп», адам сияқты қабылдайтын болады. Сонымен қатар реакция жылдамдығы мен перне басу қарқыны да әдейі баяулатылады, яғни Grok-қа артықшылық берілмейді.
Масктың сөзінше, Grok-тың жаңа нұсқасы кез келген видеойынды түсініп, меңгере алатындай етіп жасалған. Жасанды интеллект ойын ішіндегі нұсқаулықтарға сүйеніп үйреніп, өзі де тәжірибе жасап, механикаларды игереді.
Показательный жекпе-жекке қай команда шақырылатыны және матч ережесі кәсіби LoL стандарттарына сай өзгере ме — бұл жайлы Маск әзірге нақты мәлімет берген жоқ.
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Усик Генадий Головкинді жаңа қызметімен құттықтады
Ел президенті Геннадий Головкинді жаңа қызметімен құттықтады