Орал қаласында Петр Атоян атындағы стадион футбол алаңы ALAÑ бағдарламасы аясында жаңартылды

Орал қаласында Петр Атоян атындағы стадион футбол алаңы ALAÑ бағдарламасы аясында жаңартылды

Орал қаласында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ALAÑ бағдарламасы аясында жаңғыртылған Петр Атоян атындағы стадионның футбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Іс-шараға БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а Мирболат Нұржанов, облыстық футбол федерациясының президенті Ғайса Қапақов, футбол ардагері және «Уралец» командасының алғашқы жаттықтырушысы Анатолий Бурый, «Жайық» ФК демеушісі Асхат Ишмухаметов, ALAÑ бағдарламасының елшісі Дидар Сыдықбек, сондай-ақ ҚФФ өкілдері Нұрсұлтан Еламанов пен Сергей Попов қатысты.

Жаңғыртудың негізгі элементтерінің бірі – FIFA сертификатынан өткен, UEFA-ның барлық халықаралық стандартына сәйкес келетін заманауи жасанды көгалдың төселуі. Жаңа төсеніш ұлттық және жастар құрамаларының матчтары мен оқу-жаттығу жиындарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер жаттығуларын өткізуге арналған. Бұл өңірдің футбол инфрақұрылымын дамытуға және жастар арасында спортты насихаттауға ықпал етеді.

Салтанатты ашылу рәсімі мен лента қиюдан кейін №1 БЖСМ тәрбиеленушілері ашық жаттығу өткізіп, жаңартылған алаңда алғашқылардың бірі болып доп тепті.  Қатысушыларға естелік футбол доптары табысталды.

ALAÑ бағдарламасы аясында 2025 жылы Қостанай, Петропавл, Екібастұз, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда облысы және Орал қалаларында он футбол нысаны жаңғыртылды. Жыл соңына дейін Атырау мен Жаңаөзенде тағы екі алаңды жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

UEFA қолдауымен Қазақстан футбол федерациясы жүзеге асырып жатқан ALAÑ бағдарламасы спорттық инфрақұрылымды дамытуға, заманауи жаттығу жағдайларын жасауға және барлық өңірдегі балалардың футболға қызығушылығын арттыруға бағытталған.


Қазақстан U19 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде ұтылды

Белгілі көкпаршы ұлттық құрама қақпашысына тұлпар сыйлады

«Копенгаген» – «Қайрат» арасындағы ойында шотландиялық төрешілер қызмет етеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или