Қазақстандық шаңғышы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады
Швецияның Фалун қаласында өткен трамплиннен секіруден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан атынан Данил Васильев өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші секіру қорытындысы бойынша Васильев 88,5 метрге секіріп, үздік отыздыққа кіре алмады және жарысты сол кезеңде аяқтады. Жалпы есепте қазақстандық спортшы 105,2 ұпай жинап, 39-орынға тұрақтады.
Трамплиннен секіру. Әлем кубогы, Фалун (Швеция)
1. Штефан Крафт (Австрия) – 249,9 ұпай
2. Анже Ланисек (Словения) – 247,7 ұпай
3. Филипп Раймунд (Германия) – 244,9 ұпай…
39. Данил Васильев (Қазақстан) – 105,2 ұпай
Әлем кубогының келесі кезеңі 28-30 қараша аралығында Финляндияның Рука қаласында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или