Қазақстан U19 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде ұтылды

Қазақстан U19 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде ұтылды

Қазақстан U19 әйелдер құрамасы 2025/2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Израильге қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Израильдік Тамар Горен матчтың басында есеп ашты. 25-ші минутта Мааян Бен-Исраэль өз командасының басымдығын екі есеге арттырды. Қазақстан әйелдер құрамасы есепті қысқарта алмады, нәтижесінде матч Израильдің жеңісімен аяқталды.

Бірінші турдан кейін Қазақстан В6 тобында үшінші орында. Латвия топта көш бастап тұр, Израиль екінші, ал Мальта соңғы орында.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 28 қарашада Латвияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.

Израиль - Қазақстан - 2:0 (2:0)

Гол соққандар: Тамар Горен 9 (1:0), Мааян Бен-Исраэль 25 (2:0).


Белгілі көкпаршы ұлттық құрама қақпашысына тұлпар сыйлады

«Копенгаген» – «Қайрат» арасындағы ойында шотландиялық төрешілер қызмет етеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или