Бублик маңызды көрсеткіш бойынша үздік бестіктің қатарында
Қазақстанның ең үздік теннисшісі, әлемнің 11-ші ракеткасы Александр Бублик осы маусымда ATP рейтингінде эйс бойынша бесінші орында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 674 эйс орындады.
Эйс бойынша маусым көшбасшылары:
1.Тейлор Фриц — 867
2. Райли Опелка — 790
3.Феликс Оже-Альяссим — 783
4.Якуб Меншик — 679
5.Александр Бублик — 674
Бублик 2025 жылы төрт титулы жеңіп алды. ATP рейтингіндегі 11-ші орын оның кәсіби мансабындағы жеке рекорды. Осы маусымда теннисші Гштаад (Швейцария), Ханчжоу (Қытай) және Кицбюхель (Австрия) қалаларында өткен ATP-250 турнирлерінде, сондай-ақ Галле (Германия) қаласында өткен ATP-500 турнирінде жеңіске жетті.
Елена Рыбакина болашағына қатысты пікір білдірді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или