Джейми Вардидің үйіне ұры түсті
38 жастағы «Кремонезе» шабуылшысы Джейми Варди тонаудың құрбаны болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оқиға «Ромаға» қарсы А сериясының 12-ші турында (1-3) болды. Варди стадионда болған кезде, кем дегенде үш адам оның үйіне терезені сындырып кірген. Ұрылар қымбат сағаттарды, зергерлік бұйымдарды және ақша ұрлап кеткен. Келтірілген залал шамамен 100 000 еуроға бағалануда.
Тергеушілердің айтуынша, топ футболшы мен оның отбасының қозғалысын алдын ала бақылап, үйдің қараусыз қалатынын білген.
Варди «Кремонезеге» 2025 жылдың жазында қосылды. Ол осы маусымда сегіз матч өткізіп, екі гол соқты.
Қоса кетейік, Варди 2015/2016 маусымда «Лестермен» бірге Ағылшын Премьер-лигасының чемпионы атанған еді.
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа қатардан шықты
«Арсенал» ойыншысы АПЛ тарихындағы 400-ші хет-трик авторы атанды