Елена Рыбакина кәсіби мансабына қатысты пікір білдірді

Елена Рыбакина кәсіби мансабына қатысты пікір білдірді

Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина кәсіби мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әрине, болашақта «Үлкен шлемді» де, Олимпиаданы да жеңгім келеді. Отбасын құруды да жоспарлап отырмын. Барлығы уақыт өте келе болады деп ойлаймын. Қашан мансабымды аяқтайтынымды болжау қиын. Бірақ, аталған барлық сәттердің бір уақытта жүзеге асуын қалаймын, - деді қазақстандық теннисші Tengri TV-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина WTA жорамалы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына кірген еді. Сонымен қатар қазақстандық теннисші Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен жылдың қорытынды турнирінде табыс табу жөнінен теннис тарихында үздік көрсеткішке қол жеткізіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. 

Ресми: Елена Рыбакина Гиннес рекордтар кітабына енді

Елена Рыбакина WTL-2025 турниріне қатыса алмайтын болды

Қазақстандық жас теннисші Дубайдағы жарыстың финалына дейін жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или