Қазақстандық тайбоксер халықаралық додада топ жарды
Қазақстандық жас тайбоксер Бахтияр Нариманов Таиландтың Пхукет қаласында өткен жекпе-жекте 66 кг салмақ дәрежесі бойынша International Champion титулын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Титулдық айқас Патонг стадионында өтіп, 17 жастағы Наримановтың қарсыласы 23 жастағы тай боксшысы Джонгсананлек (10–2) болды.
«Қарсылас өте тәжірибелі екен. Профи рингінде оннан астам жекпе-жек өткізіп үлгерген. Қорғанысы жақсы, соққыны да мықты қабылдайды. Екінші раундта оны ашылуға мәжбүр етіп, қарсы беттен шынтақпен дәл соққы жасадым. Сол сәттен-ақ оның қайта тұра алмайтыны белгілі болды. Қазір эмоциямды жеткізу қиын. Жеңіске жетіп, Таиландта Қазақстанның туын биік көтергеніме қуаныштымын», — деді Нариманов
Бұл жеңіс Бахтияр Наримановтың кәсіби мансабындағы екінші жеңісі. Бұған дейін, 19 мамырда өткен дебюттік кездесуінде ол Өзбекстан спортшысын бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады
Самирхон Абабакиров Таиландтағы турнирде жүлдеге іліге алмады