Freedom Holding Corp. компаниясы «Шахтер» футбол клубын сатып алды
Белгілі кәсіпкер Тимур Турлов басқаратын Freedom Holding Corp. компаниясы Қарағандының «Шахтер» футбол клубын сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аукцион бүгін өтті және бұл сатып алу бұқаралық спортты дамыту мен футболды коммерцияландыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылды.
Қарағанды облысының әкімдігі мен кәсіпкер Тимур Турлов өңірде жаңа футбол экожүйесін қалыптастыруды бастады. Бұл мақсатқа 18,5 млрд теңге бағытталады. Оның 12 млрд теңгесі футбол академиясын салуға, ал 6,5 млрд теңгесі өңірдегі балалар-жасөспірімдер мен бұқаралық футболды дамытуға жұмсалады.
Хабарламада атап өтілгендей, футбол академиясы шамамен 10 гектар аумақта орналасады.
Жоба құрамына:
- жыл бойы жаттығуға арналған жабық манеж
- толық өлшемді жаттығу алаңы
- екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешен
- медициналық орталық
- бассейн
- сауна
- асхана
- тәрбиеленушілерге арналған жатақхана кіреді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2027 жылы аяқталады. Сондай-ақ бапкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламалары енгізіліп, халықаралық тағылымдамалар мен 🇪🇺UEFA лицензияларын алу мүмкіндігі де қарастырылады.
Белгілі көкпаршы ұлттық құрама қақпашысына тұлпар сыйлады
«Копенгаген» – «Қайрат» арасындағы ойында шотландиялық төрешілер қызмет етеді
Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатына іріктеу ойындарының кестесі жарияланды