Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы да тарихқа енді
Әйелдер теннис қауымдастығы 2025 жылдың ең жарқын спорттық оқиғаларының біріне айналған жаңалықты жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы да тарихқа енді. Ол 2016 жылдан бері маусым ішінде 500 эйстен жоғары көрсеткішке қол жеткізген алғашқы теннисші атанды. Мұндай дәл әрі жойқын соққылар ең сирек көрсеткіштердің бірі.
Қазақстандық спортшы биыл барлығы 516 эйс жасады.
«Эйстер ханшайымы. Елена Рыбакина 2025 жылы 500-ден астам эйс жасады. Бұл 2016 жылдан бері бірде-бір теннисші бағындырмаған межені қайта жаңғырту», – деп атап өтті әйелдер теннис қауымдастығының баспасөз қызметі.
2025 жыл Рыбакина үшін табысты маусым болды. Ол бірден үш ірі титулды - Страсбургте өткен WTA 500, Қытайдағы Ningbo Open, Әйелдер теннисінің ең беделді жарыстарының бірі Эр-Риядтағы WTA Финалдық турнирінде жеңіске жетті.
Бұдан бұрын Елена Рыбакина WTA жорамалы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына кірген еді. Сонымен қатар қазақстандық теннисші Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен жылдың қорытынды турнирінде табыс табу жөнінен теннис тарихында үздік көрсеткішке қол жеткізіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.
Елена Рыбакина болашағына қатысты пікір білдірді