Асу Алмабаев UFC жаңарған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді

Асу Алмабаев UFC жаңарған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді

Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев Катарда өткен турнирдегі жеңісінен кейін UFC рейтингінде бір саты жоғары көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 қараша күні Дохада (Катар) өткен турнирде Алмабаев америкалық Алекс Пересті  үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Бұл жеңіс оған аса жеңіл салмақта жетінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Ал америкалық Алекс Перес 11-орынға төмендеді.

Аталған салмақта қазіргі чемпион — Алешандре Пантожа. Ол 6 желтоқсан күні Лас-Вегаста бірінші нөмірлі үміткер Джошуа Ванмен кездеседі.

Айта кетейік, Асу Алмабаевтың кәсіби рекорды — 22 жеңіс және 3 жеңіліс.

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік үштікке қайта оралды

Иан Гарри кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Бұрынғы UFC жұлдызы Ислам Махачевті орнына қойды

Қазақстандық жауынгер жеңілмеген өзбекпен жекпе-жек өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или