Усик Генадий Головкинді жаңа қызметімен құттықтады

Усик Генадий Головкинді жаңа қызметімен құттықтады

Украиналық боксшы, ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик аты аңызға айналған қазақстандық Геннадий Головкиннің World Boxing президенті болып сайлануына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 қарашада Головкин өзі жалғыз үміткер болған World Boxing президенті лауазымына дауыс беруде жеңіске жетті.

«Геннадий, World Boxing президенті болып тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Бұл бокс үшін маңызды қадам және спортымызды дамытудың жаңа тарауының басы», — деп жазды Усик әлеуметтік желіде.

Головкин кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек өткізіп, 42-де жеңіске жеткен. Ол кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы өткізген.

Масқара нәтиже! Қазақстан құрамасының Әлем кубогындағы орны белгілі болды

Геннадий Головкин Италия бокс федерациясының басшылығымен кездесті

Әлем кубогы кезеңі: Сұлтанбек Айбарұлы алтын медаль иеленді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или