Вахид Масудов «Жетісу» командасына бапкер болуы мүмкін
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Вахид Масудов Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкер лауазымына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
66 жастағы маманды клуб маусым соңында қызметінен кеткен Самат Смақовтың орнына басты үміткерлердің бірі деп санайды. Өткен чемпионатта «Жетісу» Премьер-Лигадағы орнын сақтап, 12-орынға табан тіреді.
2025 жылы Масудов «Алтайды» басқарды, онымен бірге Бірінші лигада үшінші орын алып, жоғарғы дивизионға шықты.
Қазақстандық шабуылшы «Елімай» ойыншысы атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или