Бірінші арна кубогы: Өскемен хоккейінің екі түлегі Ресей құрамасының бапкерлік штабына кірді
Өскемен хоккейінің түлегі Константин Шафранов пен Евгений Корешков Бірінші арна кубогында Ресей құрамасының бапкерлік штабына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Шайба.kz сайтына сілтеме жасап.
Бас бапкер – Роман Ротенберг
Бапкерлер – Константин Шафранов, Виктор Козлов, Альберт Лещёв, Евгений Корешков, Алексей Бабинцев
Қақпашылар бапкерлері – Максим Соколов, Андрей Царёв
Физикалық дайындық бапкерлері – Александр Трошин, Матвей Кондратьев Скаут – Антон Бут
Жарыс 2025 жылы 11–14 желтоқсан аралығында Новосибирск қаласында өтеді. Ресей құрамасының қарсыластары Қазақстан және Беларусь құрамалары болады.
«Барыс» түлегі канадалық клубқа жеңіске жетуге көмектесті. ВИДЕО
«Барыстың» бұрынғы шабуылшысы ҚХЛ клубына ауысты
Қазақстандық хоккейші Канадада өткен матчта екі нәтижелі пас берді
«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Металлургпен» келісімшартқа отырды