Иан Гарри Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты
UFC файтері Иан Гарри Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Гарри жартылай орта салмақтың экс-чемпионы Белал Мухаммадты жеңген еді.
«Ешкім әлі мұншалықты терең әрі бәсекелі дивизионда ноунеймдерден топ-файтерлерге дейін бәрімен айқасқан емес. Ал мен әлі титулдық жекпе-жек алмадым?
Махачев — Хабибтің шәкірті. Мен — Конордың мұрагерімін. Ислам Дағыстаннан шыққан жаңа толқындағы файтерлер өкілі. Ол төбелесте техникалық, партерде жан-жақты. Бірақ мен Конордан да жылдамырақ әрі әмбебаппын. Бұл — мінсіз жекпе-жек. Егер ол тіпті Дағыстанда айқасуды қаласа — мен дайынмын. Мен бұл әлемде ешкімнен қорықпаймын», — деді Гарри журналистерге берген сұхбатында.
Бұрынғы UFC жұлдызы Ислам Махачевті орнына қойды
Қазақстандық жауынгер жеңілмеген өзбекпен жекпе-жек өткізеді