Геннадий Головкин Италия ҰОК президенті Лучано Буонфильомен кездесті
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Италия ҰОК басшысы Лучано Буонфильомен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгіме барысында тараптар бірлесіп жұмыс істеудің жаңа бағыттарын жан-жақты талқылап, соның ішінде Италияның Милан-Кортина 2026 XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Олимпиадалық қозғалысты дамытуға қатысты өзекті мәселелер сөз болды.
Кездесу кезінде екі ел арасында спорт саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мол мүмкіндік бар екені атап өтілді. Лучано Буонфильо Геннадий Головкинге Olympic House ғимаратын таныстырып, Италия ҰОК жүзеге асырып жатқан негізгі жобаларды көрсетті.
Кездесу соңында Италия ҰОК президенті Геннадий Головкинді World Boxing ұйымының президенті болып сайлануымен құттықтап, табыс тіледі. Ал Геннадий Головкин италиялық әріптесіне алғыс білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту маңызды екенін айтты.
Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енбеді
Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады